Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны қандай?

Ғалымбек
Жауап қалдырылды 13 Мау, 16

Әлеуметтік желілердің зияны:

  • Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.
  • Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін. 
  • Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз. 
  • Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін.
Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн.

Дастан
Жауап қалдырылды 13 Мау, 16

Әлеуметтік желілердің пайдасы:

  • Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілердің көмегімен іздеген адамыңды жылдам тауып алуға болады (егер тіркелген болса). 
  • Сөйлесу және ақпарат алмасу жеңілдігі. Әрине, барлығымызда дерлік ұялы телефон бар. Оның көмегімен бір-бірімізбен смс немесе ммс хабарлама жазу арқылы ақпарат алмасамыз. Бірақ оған кететін ақша да аз емес. Әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп, мәлімет жіберу әлдеқайда тиімді әрі ыңғайлы.
  • Қызығушылықтар тізімін құруға болады. Яғни, өзіңіздің қызығушылықтарыңызға байланысты топтарға жазыла аласыз. Оған қоса, тауар сатып алып, жұмысқа орналасуға да болады.
  • Мейрамдар, туған күндер жайлы еске салады. Әлеуметтік желілер арқыыл дер кезінде достарыңыздың туған күнін, айтулы мерекелерді біле аласыз. Біліп қана қоймай, арнайы құттықтау қағаздары, стикерлер арқылы құттықтауыңызға болады.

Қазір оқып жатыр