Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тәулік мезгілдерінің атаулары

Тәулік мезгілдерінің атаулары қандай?
Талқылау
Пікір
Динара
03 Шілде, 18

Бір тәулікте 24 сағат бар. Десе де қазақта тәуліктің әр бөлігінің өз атаулары бар. 

Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары:

Таң -  күн шығар алдындағы мезгіл. Таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң деп аталады. Ал құланиек, құлын сәрі дегеніміз - таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Жерге жарық түсе бастаған кез - таң сәрі деп аталады.

Сәске - күн көкжиектен көтеріле бастаған мезгіл.

Түс - күннің орта мезгілі. 

Бесін - күн еңкейген мезгіл. 

Ақшам, ымырт - күн ұясына бата бастаған мезгіл.

Түн - тәуліктің кештен таңға дейінгі аралығындағы мезгіл. 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
1 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?