Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романы не жайлы?

Талғат
Жауап қалдырылды 14 Мау, 16

Ғабит Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романы екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбында жазылған алғашқы туынды. Оған қоса бұл роман - қаламгердің ең бірінші романы. Романның негізгі кейіпкері - Қайрош Сарталиев. Оның өмірдегі прототипі - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов.

Шығармада екінші дүниежүзілік соғыстың шындығы, сипаты Қайроштың өмірі арқылы беріледі. Бала күнінен көп қиындықты бастан кешірген Қайрош қаладан Шеген мен Бораш есімді достар табады. Олармен бірге жүріп, етене араласып, етжақын бауырларға айналып кетеді. Қалаға оқу іздеп қашып келген Қайраш Кеңестік тәрбиемен өседі. Жастығы соғыспен тұспа-тұс келіп, жуаға қарсы шауып, халқын ерлікпен қорғайды. Романда жекелеген кейіпкерлердің бойындағы өр мінез, елі үшін жанын беруге даяр батырлығы, ерлігі бүкіл Кеңес жауынгерлерінің жиынтық бейнесі. Соғыстың аурыртпалығымен қатар, туындыда қарапаймы халықтың сұрғылт өмірі, тыныс-тіршілігі ашық суреттеледі. 

Қаламгердің "Қазақ солдаты" романында халықтардың достастығы мен бауырластығы тамаша көрініс тапқан. 

Қазір оқып жатыр