Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бөлме өсімдіктері жайлы қандай деректер білесіздер?

Толқын
Жауап қалдырылды 14 Мау, 16

Бөлме өсімдіктері жайлы қызықты деректер:

  • Үндістандық азалия бактерицидтік әсерге ие. Ол фитоницидтер бөліп, тіпті, стрептококтық жұқпалы бактерияларды жойып, ауаны иондайды.
  • Спатифиллум ауыр металлдар, бензол, фенол, формальдегид, толуолдардың тұзын сіңіреді.
  • Антуриум гүлі шылым шегілген бөлмедегі аммиакты сіңіре алады.
  • Корольдік бегония зең саңырауқұлақтары спораларын жояды.
  • Нефролепис папоротнигі формальдегидтерден адам өміріне қауіпсіз қосылыстар жасап шығарады.
  • Жапониялық аукуба зең саңырауқұлақтарының пайда болуы мен белсенділігін басады. 
  • Ардизия бактериялармен симбиоз түзеді. Оның жапырақтарында бактериялар өмір сүретін қабаттар пайда болады. Егер ол өсінділерді кесіп тастаса, өсімдік өсуін доғарады.
  • Ахименесті отырғызар алдында оның тамырын бірнеше минут ыстық суда ұстайды. Соның нәтижесінде өсімдік жылдам өседі.
  • Гүлдейтін бөлме өсімдіктерінің ішіндегі ең әдемілерінің бірі - гиацинт. Оның атауы ертедегі грек аңызымен байланысты. Аңыз бойынша сымбатты жас жігіт Гиацинтті Аполлон құдай өлтіреді. Гиацинт өлген жерде әдем гүл өсіп шығады. Ол жас жігіттің есімімен Гиацинт аталып кетеді.
  • Гибискус - Гавайи аралының ұлттық гүлі болып есептеледі. Жергілікті әйелдер бұл гүлмен шашын сендейді. Сондықтан ол "Сұлу әйелдер гүлі" деп те аталады. 
  • Гортензия гүлінің атауы ержүрек әйел Гортензия Лепоттың есімімен байланысты. Ол жер шарын шарлап, кеме апатын бастан кешіріп, соңында әйгілі астроном болған.
Қазір оқып жатыр