Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балықты қалай дәмді етіп дайындауға болады?

Самал
Жауап қалдырылды 14 Мау, 16

Болгар бұрышы қосылып қуырылған балық рецепті

Қажетті заттар:

  • тәтті бұрыш (қызыл) - 3 дана
  • тұз - 1 шай қасық
  • зәйтүн майы
  • кептірілген райхан - талғамыңызға сай
  • сарымсақ - 1 тісше
  • анчоус филесі - 5-6 дана
  • ұнтақ жармасы - қуыру үшін
  • лимон шырыны, қара бұрыш - талғамыңызға сай
Дайындалуы:
  • Алдымен бұрышымызды әзірлеп аламыз. Ол үшін пешті 75 градусқа қыздырамыз. Бұрышты ортасынан бөліп, дәндерін аламыз. Ұзынша етіп тураймыз. Оған тұз, райхан, қара бұрыш және зәйтүн майын себеміз.
  • Бұрыш тілімдері арасына сарымсақ бөліктерін қоямыз. Бұрышымызды пешке қойып, 1,5 сағат пісіреміз. Піскен бұрышты суытып аламыз.
  • Анчоус филесін ұсақтап тураймыз. 
  • Пісірілген бұрышты құтыға салып, базилик қосамыз. Оның үстіне анчоус саламыз да, зәйтүн майын құямыз.
  • Балықты тұздап, бұрыш қосып, лимон шырынын себеміз. Бұрышты қағаз майлыққа қойып, артық майын сорғытып аламыз.
  • Бұрышты балық филесінің үстіне қойып, оның бетін тағы бір филе қабатымен жабамыз. 
  • Балықты ұнтақ жармасына салып алып, өсімдік майына екі жағынан 2-3 минуттан қуырамыз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Қазір оқып жатыр