Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қызылшадан қандай салаттар жасауға болады?

Адина
Жауап қалдырылды 17 Мау, 16

Қара өрік пен сары өрік қосылған қызылша салаты

Қажетті заттар:

  • қызылша - 1 кг

  • қара өрік - 200 г

  • сары өрік - 200 г

  • грек жаңғағы - 5 дана

  • майонез - 250 г

  • тұз - талғамыңыз бойынша

Дайындалуы:

  • Қызылшаны пісіріп аламыз.

  • Піскен қызылшаны қабығынан тазалап, үккіштен өткіземіз. 

  • Егер кептірілген жемістер қатты болса, оларды алдын ала ыстық суға салып қою қажет. Жұмсарған жемістерді тураймыз. Қатты ұсақтаудың қажеті жоқ.

  • Грек жаңғақтарын да турап аламыз. 

  • Барлығын араластырып, тұз, майонез қосамыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Гүлім
Жауап қалдырылды 17 Мау, 16

Қарақат қосылған қызылша салаты

Қажетті заттар:
  • піскен қызылша - 2 дана
  • қарақат - 100 г
  • грек жаңғағы - 60 г
  • зәйтүн майы - 2 ас қасық
  • ақжелкен - 1/2 бума
  • қант - талғамыңыз бойынша
Дайындалуы:
  • Қызылшаны қабығынан тазалап, ұзыншалап тураймыз. 
  • Жаңғақ пен ақжелкенді ұсақтап тураймыз.
  • Туралғандардың барлығын араластырып, қарақат, қант, зәйтүн майын қосамыз. Жақсылап араластырамыз.
  • Ұсынар алдында әрелкеге салат жапырағын салып, оның үсітне салатты салып, жидектермен безендіріңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Қазір оқып жатыр