Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Құмырсқалар жайлы қандай қызықты деректер білесіздер?

Жазира
Жауап қалдырылды 17 Мау, 16

Құмырсқалар жайлы қызықты деректер:

  • Қоңыр орман құмырсқасының илеуінде әр минут сайын 20-30 жұмыртқа жұмыртақаланады.
  • "Құмырсқа қышқылы" ауруды басатын, қабынуға қарсы, жылытатын және сергітетін әсерге ие. Ол артрит, артроз, остеохондроз, ревматизм, варикоз, тұз жиналуы сынды ауруларды емдеуде қолданылады.
  • Құмырқсаның кейбір түрлері су астында 4 тәулікке дейін жата алады. Одан шыққаннан кейін ештеңе болмағандай тіршілігін жалғастыра береді.
  • Экофилла құмырсқа аналығы өмірінің алғашық апталарында күніне 2-3 жұмыртқа жұмыртқалайды. Алайда 1-2 жылдан кейін ол тәулігіне 10 мың жұмыртқа жұмыртқалай алады. 
  • Құмырсқа жұмыртқалары қоректеніп, өсе алады. Әуел басында аналық құмырсқа толық жетілмеген жұмыртқа жұмыртқалайды. Оларды жұмысшы құмырсқалар үнемі жалап, сол арқылы қоректендіреді. Олардың сілекейінде көптеген құнарлы заттар бар. Олар жұмыртқа қабығынан өтіп, жұмыртқаның көлемі ақырындап өсе бастайды. 
  • Әлемде әр адамға 1 миллион құмырсқадан келеді.
  • Құмырсқалар - адамды санамағанда, үй жануарларын өсірумен айналысатын жалғыз тіршілік иелері. 

Қазір оқып жатыр