Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Асық ойыны жайлы қандай деректер білесіздер?

Мақсат
Жауап қалдырылды 17 Мау, 16

Асық ойыны - Орта Азияда кең тараған балалар ойыны. Ол жылдың жылы уақыттарында асықтар жиынымен ойналады. Әдетте әр ойыншының өз асықтар жиынтығы болады. Асықтардың ішіндегісі бастысы болып табылатын сақаның маңызы да үлкен. Сақаның салмағы ауырлау болу үшін оған қорғасын құйылады. Ал хандар мен сұлтандардың балалары, тіпті, сақаға алтын құйған. 

Асықтар бір қатарға тізіледі. Ойынша бірнеше метр қашықтықта тұрып, тізіліп тұрған асықтарды көздеп, сақамен атып алуы тиіс. Оған қоса сақаның түкен қалпы да маңызды рөл атқарады. 

Асық ойыны баланың бойында мергендік пен ептілікті дамытады. 

Кішкентай бүлдіршіндер үшін асықпен ойналынатын "Хан талапай" ойыны бар. Балалар дөңгелене отырып, "Хан талапай" делінгенде, орталарына көп асық тасталады. Осы сәтте барлығы орындарынан тұрып, асық жинауы тиіс. Мұнан кейін әр бала жинаған асығын санайды. Осылайша бұл ойын балаларды санауға үйретеді. 

Қазір оқып жатыр