Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шақыру қағазына қандай ерекше сөздер жазуға болады?

Зере
Жауап қалдырылды 20 Мау, 16

Үйлену тойына шақыру

1. Артқа тастап балауса бала шақты,

Біз де тікті жас отау, жаңа ошақты.

Әке-шеше жолына қадам бастық,

Жалғау үшін бүгін мен болашақты.

2. Шақырамыз тойымызға келіңіз,

Жас өмірдің қуанышын көріңіз.

Әсем әннің толқуында би билеп,

Көңілді кештің сый қонағы болыңыз.

3. Ақ үміт, асыл мақсат бойымызда,

Бас қосып, отау тігу ойымызда.

Өмірге бірге аттандық жақсы үмітпен,

Келіңіз қуанышты тойымызға.

4. Жол тауып жолға түсті жастар жаны,

Ананың орындалды басты арманы.

Сіздерді бүгін міне күтіп отыр,

Қосылған қос жүректің дастарханы.

5. Қос жүрек бірге соғып тыныстады,

Баршаға бақыт күнін жар етеміз.

Достарды, жолдас-жора, туыстарды,

Махаббат думанына шақырамыз.

6. Жастықтың жарасады шаттық үні,

Мәңгілік естен кетпес тәттілігі.

Өмірге бірге аттандық жақсы үмітпен,

Шақырамыз тойымызға сәтті күні.

Қазір оқып жатыр