Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қай жаста үйленген дұрыс?

Назигүл
Жауап қалдырылды 20 Мау, 16

Ерте жаста құрылған отбасылар ғана емес, 30 жастан асқанда шаңырақ көтерген жұптардыі да дәм-тұзы жарасыпай, ажырасып жатады. Юта университетінің профессоры Николас Уолфингер National Survey of Family Growth ұлттық зерттеуінің нәтижесін талдап, бұрынырақта ерте некелескендер жиі ажырасып жатса, бүгінгі күн ақыл тоқтатып, аяққа нық тұрған уақытта отбасын құрғандардың да жиі аыжырасатынын анықтаған. 

Жасөспірімдердің не 25 жасқа дейінгі жастардың құрған некесінің сәтсіз болуы олардың әлі де тұлға ретінде қалыптаспауына байланысты. Олар өмірдегі басыт мақсатын, өмірден не керегін әлі де нақты аңдай алмайды. Ал арада бірнеше жыл өткен соң олардың өзгеріп сала беруім кей жұптарды бір-бірін танымастай етеді. Оған қоса, көп жас тәжірибе мен білім жетіспегендіктен, отбасын құруға дайын емес болады.

Алайда Уолфингер деректері 35 жастан кейін шаңырақ көтергендердің де дәм-тұзы жараса бермейтінін көрсетеді.

Отбасын құруға асқан жауапкершілікпен, салмақтылықпен қарайтындар, мысалы отбасын асырау үшін жеткілік қаражат жинау мақсатында үйлену мәселесін кейінге қалдырса, ол отбасының тұрақтылығына әсер етеді. Бәлкім 27-29 жаста бас қосқандардың бақыттарының баянды болып, жиі ажыраспайтыны содан болар. 

Не десе де отбасын құрған жасыңыз көтерген шаңырағыңыздың берік боларына кепіл емес, Біріншіден, ажырасу себебі  жұбайлардың жасына емес, олардың отбасына деген  көзқарасына байланысты болатын жағдайлар жеткілікті. Екіншіден, зерттеу нәтижесі жалпыға бірдей емес. 

Сондықтан шаңырақ көтерер тұста ең алдымен жасыңызға емес, өзіңіздің отбасын құруға деген көзқарасыңызға мән бергеніңіз жөн.

Қазір оқып жатыр