Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ауыз берік кезде моншаға түсуге бола ма?

Парасат
Жауап қалдырылды 22 Мау, 16

Монша буға шабыну арқылы  жуынып-шайынатын жер болғандықтан, моншаға түсуді ауыз ашар уақытына қалдырған дұрыс. Неге десеңіз, моншадағы бу – су молекулаларынан құралады. Яғни, буда судың белгілі бір бөлшектері орын алған. Көп мөлшердегі буды жұту арқылы ішке белгілі дозада су бөлшектері енеді. Сол себепті, оразаңыз бұзылады деуге негіз бар.  

Одан бөлек, душқа шомылуға немесе ванна қабылдауға болады. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмау жағын ескеру керек. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым

Қазір оқып жатыр