Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Көшеден тауып алған ақшаны не істеу керек?

Данышпан
Жауап қалдырылды 22 Мау, 16

Негізі табылған зат сіз үшін аманат. Сондықтан да, халыққа жария етіп, иесін табуға тырысу керек. Жария ету бұрынғы замандары базар, мешіт сияқты көпшілік жиналатын орындарда жасалатын болған. Қазіргі таңда мұны теледидар, радио, газет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру беру арқылы немесе арнайы «жоқ іздеу» бюросына жүгіну арқылы яки әлеуметтік желілерге тарату арқылы жүзеге асыруға болады.

Егер иесінің табылуы неғайбыл болатындай уақыт өтсе, тауып алған кедей ол затты өзінінің пайдасына жаратады. Ал бай мұқтаж жанға береді[1].

Дегенмен, табылған затты жария ету үшін, ол зат жоғалтушының жанына бататындай қомақты және құнды болуы тиіс. Болар-болмас ақшаны немесе затты хабарлау қиынға соқса, жәрия етудің қажеті жоқ[2].

Және айта кету керек: егер құнды дүние тауып алған жағдайда, табылған дүниенің мөлшерін айғақтайтын куәгердің болғаны дұрыс[3]. Ертеңгі күні сізге жала жабылып жатса, куәгерлер сотта сіз үшін айғақ[4].


[1] Әл-Кәсәни, Бадаиғ: 2/326-337 бет.
[2] Әл-Майдани, Лүбәб – 2/208 бет.;
Имам Әбу Ханифаның (р.а.) белгілеген үкімі бойынша «тауып алған ақша ең кемі 100 дирхам (шамамен 1 дирхам – 3,2 грамм күміс яғни 320 гр, 1 грамм шамамен – 132 теңге, 42240 теңге) болса, тауып алған адам иесін іздеп бір жыл бойы хабарландыру беріп отырады. 11 (онбір) дирхамнан 100 (жүз) дирхамға дейін (шамамен 4650 теңгеден, 42240 теңгеге дейін) – бір ай; 10 (он) дирхамға (шамамен 4224 теңге) – бір жұма;   3 (дирхамға) (шамамен 1270 теңге)– 3 күн, 1 (бір) дирһамға (шамамен 422 теңге)– 1 күн жәрия етуі тиіс» дей отырып ақшаның мөлшеріне қарай жария ету уақыты да өзгеретінін білдіріп тұр.. (Масули, Ихтияр – 2/491 бет). Бірақ бұл мөлшер, заманына қарай өзгереді.
[3] Әбу Дауд, Лүқата, 1709 хадис.
[4] Бұл мәлімет - 2013 жылы muslim.kz сайтында жария етілген жазбамның аз-кем өзгертіліп, қайта жария етілген түрі.

Қазір оқып жатыр