Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Коала жайлы қандай деректер білесіздер?

Азамат
Жауап қалдырылды 23 Мау, 16

Коала жайлы деректер:

  • "Коала" сөз жергілікті халық тілінде "су ішпеу" мағынасын береді. Себебі бұл жануарлар суды өте сирек ішеді. Олар өздеріне керек сұйықтықтың 90%-ын эвкалипт жапырақтарынан алады.
  • Зат алмасуының баяулығы мен ас қорытылуының күрделілігінен, коалаларға тәулігіне 16-18 сағатқа дейін қозғалыссыз жатуға тура келеді. Коалалар өмірінің көп бөлігін ұйқымен өткізеді.
  • Адамдардағы сияқты, коалаларда да саусақ ізі бар.
  • Коала жүні су өткізбейтін қасиетке ие. Ол коала денесін температура ауысуынан қорғап тұрады.
  • Аустралияда эвкалипт ағашының 700-ге жуық түрі болса да, коалалар олардың тек 50 түрімен ғана қоректенеді.
  • Ересек коалалардың бойы - 60-85 см. Салмағы 4-тен 13 килограммға дейін болады. Аталық коалалардың салмағы аналық коалалардың салмағынан 2 есе үлкен.
  • Хайуанаттар бағында тіршілік кешетін коалалардың 13-15 жыл өмір сүретіні анықталған. Ал жабайы табиғатта өмір сүретін коалалар өмірінің ұзақтығын ғалымдар әлі күнге дейін анықтай алмай отыр.
  • Коалалардың көзі нашар көреді. Алайда олардың сипап сезуі мен есту қабілеті жақсы дамыған.
  • Аналық коалалар жалғызбасты тіршілік кешеді. Олардың өмір сүретін өз аумағы бар және ол жерден ешқашан кетпейді деуге болады.
  • Коалаларда буаздық мерзімі 1 айға созылады. Жаңа туылған кішкентай коаланың салмағы небары 5 граммға жуық болады.
  • Коалалар Аустарлияның Шығыс және Оңтүстік бөліктерінде, оған қоса Кенгуру аралында өмір сүреді. 
Қазір оқып жатыр