Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кітап туралы қандай тақпақтар бар?

Айдын
Жауап қалдырылды 23 Мау, 16

Кітап менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастаған.

Кітап оқып, жан дүнием, бойымды,

Шабытты жыр тудырам, жас қалам!

Кітап - менің асыл, жақұт, сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

Есентай
Жауап қалдырылды 23 Мау, 16

Кітап туралы ой

Әкемді ажал ерте жалмапты ғой,
Мұра боп жалғыз том да қалмапты ғой...
Қолыма жаңа кітапалған сайын,
Басыма келеді бір салмақты ой:

Арқалап өткен кеше ата мұңы,
Кітабын жайсаң қазақ атаулының
Жетпес – ау кітапханам жартысына
Тізілген өз үйімде қатар бүгін.

...Адамзат алдындағы өр тұлғалы
Отаным! Сені ойлаймын мен туғалы.
Ақырғы тыныс бітіп сөнгенде де,
Кеудемде жатар кітап сен туралы.

Автор: Мұзафар Әлімбаев 

Назигүл
Жауап қалдырылды 23 Мау, 16

Кітап – Жеміс ағашы

Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...

Автор: Мұзафар Әлімбаев 

Қазір оқып жатыр