Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ер адамды қалай өзіме бағындыра аламын?

Кәусар
Жауап қалдырылды 24 Мау, 16

Ер адам - отбасының тірегі, басы. Сондықтан "Алтын басыт әйелден бақыр басты еркек артық" дейтін қазақта еркектің әйелге бағынуы деген түсінік жоқ. Дана халқымыз "Жақсы әйел — ерінің басын төрге сүйрейді, жаман әйел — көрге сүйрейді" дейді. Аталы сөзге тоқтасақ, ерінен билікті алып, шаңырағын әйелі билеп-төстеген отбасында береке болмайды. Мұндай отбасында еркектің құны да жоқ. Анасынан олқылық қылықтарды көріп өскен балаларында әкесін сыйлау, одан имену деген болмайды. Ер азаматтың қашан да әйелден бір бас артық тұратыны белгілі. Қазіргі замандағы әйел теңдігі,әйел ерден кем емес сынды желеулер себепті кей отбасында ердің бағасы кетіп, берекесіздік орын алған. Әйел адам қашан да сезімге берілгіш. Ал ер адам қай істі болсын сезімге ерік бермей, ақылмен шешеді. Дінімізде ажырасу құқығы әйелге емес, ерге берілгені де бекер емес. Оның да түпкі себебі даналыққа тұнып тұр.

Шаңырағының биік, босағысының берік болып, отбасында махаббат пен береке орнағанын қалайтын әйел өзінің ерінен төмендігін сезініп, айтқанына көніп, бұйырғанын қалтқысыз орындай білуі қажет. Күйеуіне бағынған әйелдің отбасында қашан да береке-бірлік, тыныштық болып, жұбайлардың арасындағы сезім мен сенім, сыйластықтың арта түсері хақ. Егер ер азаматыңыздың хандай болғанын қаласаңыз, өзіңіз де оған хандай қарап, сыйлай біліңіз. Ал еріңізге құлша қарап,  алақаныңызда ұстағыңыз келсе, алтын басты еркектен ез жасап, қор етесіз. 

Қазір оқып жатыр