Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Елестер қайдан пайда болады?

Мейірхан
Жауап қалдырылды 29 Мау, 16

«Жын» сөзі негізінен «инсан» (адам) сөзіне антоним ретінде қолданылып, сезім мүшелерімізбен байқауға келмейтін рухани әлем иелеріне берілген есім. Сондықтан да бұл ұғым періште, шайтан мен жындардың жалпы атауы ретінде қолданылады. Бірақ, әрбір періште көзге көрінбейтін жалпы (жинни) жын атауының мағыналық ұғымына кіргенімен әрбір жын періште емес. Аталмыш үш әлемнің (періште, жын, шайтан) әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әрдайым Алла Тағаланың әмірімен қайырлы, оң істердің басында періштелер тұратын болса, шайтан – пендені тек алдап‑арбаумен, жамандыққа итермелеумен айналысады. Ал, жындарда осы екі рухани әлемнің де қасиеттері бар. Олардың мұсылмандары да, кәпірлері де болады. Асылында, біздің ұғымымыздағы дию, пері деген атаулар парсы тіліндегі «жын» сөзінің баламасы. Сондықтан жын, дию, пері деген сөздер көбіне бір мағынада қолданыла беретіндігін айта кеткен орынды.

Жындар біздің сезім мүшелерімізге беймәлім болғандықтан, олардың болмысын – қисындық яки ғылыми тұрғыдан тәптіштеп түсіндіруге келмейді. Десек те, негізгі салмақты дәлелдер мен нақты мәліметтерді Құран аяттары мен сахих хадистерден аламыз. Ал, аят пен хадис олардың нақты бар екендігін растайды. Қала берді Құран Кәрімде өз алдына «Жын» сүресінің бар екендігі баршамызға мәлім.

Бірінші бөлімде айтып өткеніміздей адам Алла Тағалаға құлшылық ету үшін жаратылғаны сияқты, періштелер де Аллаға қызмет ету әрі Жаратушыны мадақтап, дәріптеу үшін жаратылған. Ал енді жындардың жаратылыстағы мақсаты қандай болмақ? Бұған жауапты «Зәрият» сүресінің 56-аятынан табамыз: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық ету үшін ғана жараттым». Олай болса жындар да адамдар секілді жәннәт пен жәһәннамға баратындығы анық. Бұған дәлел ретінде мына аятты келтіруге болады:«Сендерден бұрынғы өткен тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер, - дейді» (7. Ағраф-38).

«Рас тозақ үшін де көптеген жын мен адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, онымен естімейді. Олар хайуан сияқты тіпті одан өткен адасушы. Міне, солар нағыз құр қалғандар» (7. Ағраф-179).

Адам мен жындардың жаратылу мақсатына сай Алла Тағала оларға құлшылық заңдылықтарын жеткізетін пайғамбар жібереді. Адамзатқа 124 мың пайғамбар келгендігі бәрімізге аян. Ал «жындарға пайғамбар келген бе» дейтін болсақ, оларға да пайғамбар жіберілгеніне көз жеткіземіз. Мұның айғағы төмендегі аят:

«Әй, жын мен адамдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымызды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме? - делінеді. Олар: Раббымыз! Өзімізге куәміз, дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анық қарсы болғандықтарына айғақ болады» (6. Әнғам-130).

Мәселе осылай бола тұра, бірқатар ғалымдар жындар әлеміне пайғамбар келмеген деген тұжырымды ұстанады. Бұл мәселеге арнайы жауап беруге тура келеді. Біріншіден, жындар арасынан пайғамбар келмеген болса, олар Жаратушыға қалай құлшылық етпек? Екіншіден, Алла Тағала жындарды да тек Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратпап па еді? Үшіншіден, «Исра» сүресінің 15-аятында: «Пайғамбар жіберместен біз ешкімді жазаламаймыз» делінген. Сонда жындарға тура жолды көрсетуші өз араларынан елші келмесе, Пайғамбарымызға дейін келіп кеткен жындар ақыретте жазаға ұшырамайды деген ұғым шығады. Бұлай дейін десек,  «Рас тозақ үшін көптеген жындар мен адамдар жараттық» (7. Ағраф-179) аяты жындардың да тозаққа баратындығынан хабар беріп тұр. Осы аяттарды негіз етіп ала отырып, жындардың да арасынан елші келгендігі жөнінде айта аламыз.

Қазір оқып жатыр