Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Өте белсенді баланы қалай тәрбиелеу керек?

Ақмоншақ
Жауап қалдырылды 01 Шіл, 16

Өте белсенді баланы тәрбилеу жөніндегі кеңестер:

  • Жағдайды тыныштыққа өзгертіп, баланы тыныштандыру қажет. Оны құшақтап, басынан сипап, ұйықтар алдында ваннаға шомылдыруға болады. Шомылдырғаннан кейін ертегі оқып берпі, массаж жасап, баяу әуен қосып қойған дұрыс. Мұндай әрекеттерді күнделікті жасап отыру қажет. 
  • Салатын тыймыдарыңызды нақтылап, тұрыс тапсырмалар бере біліңіз. Баланың қалай жасамауы керектігі жайлы емес, қалай жасағаны дұрыс боларын айтып түсіндіріңіз. Яғни, "жоқ" деген сөзден аулақ болып, қалауының баламасын ұсыныңыз. Оның ойлауы толық дамымағандықтан, беретін тапсырмаларыңызды нақты әрі ұғынықты етіп жеткізе білу керек. Онымен қысқа сөйлемдер арқылы сөйлескен дұрыс.
  • Егер балаға бірден бірнеше тапсырма беретін болсаңыз, оныңтапсырмаларды қабылдауы қиынға соғып, ең болмаса біреуін де орындауы күман тудырады. Не тапсырманы бір-бірден беріп, не тапсырмаларды логикалық тізбек құру арқылы бергеніңіз жөн. 
  • Күн тәртібін белгілеп, кнделікті құрған кестеңіз бойынша жүруге тырысыңыз. Оған қоса кестедегі әр тармақты белігілі бір уақытта ғана орындаңыз. Баланың дұрс ұйықтауын қадағалап, тағам үлесінен тағамдық бояғыштары бар өнімдерді алып, тәтті, тқзды, ашты тағамдарды аз беруге тырысыңыз.
  • Гипербелсенді бала сөгіп, ұрысуыңызды қабылдамайды. Ал кез-келген мақтауға ерекше қуанады. Сондықтан оны әр кішкентай жетістігі үшін де мақтап отырыңыз. Үлкен жетістіктері үшін тәттілер мен ойыншықтар беруіңізге болады. 
  • Балаға жанына жағымды орта жасап беріңіз. Үйде онымен ойнап, тапсырмаларды бірге орындайтын арнайы бұрыш болғаны дұрыс. 
  • Бала бойындағы артық энергияны спортқа бұруға болады. Балаңызға белгілі бір салада дамуы үшін қызығушылық танытатын сүйікті іс тауып беріңіз. Ол баланың өзіне сенімді болуына ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр