Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қадір түнінің бүгін болатыны хадистерде айтылған ба?

Қыдыр
Жауап қалдырылды 01 Шіл, 16

Қадір түні қай түні келетіні жайында ғалымдар арасында әртүрлі тұжырым айтылған. Бірақ, көпшілік ғұламалардың тоқтамы бойынша, Қадір түні - Рамазан айының 27-ші түні. Өйткені, Ахмәд ибн Хәнбәлдің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта Алланың елшісі (с.а.у.) былай деген: «Қадір түнін іздестірген кісі оны жиырма жетісінің түнінде іздестірсін».[1]. Хадистің  дәрежесі - «сахих».  Сахаба Абдулла ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген.  

Бұнымен қатар «Сахих Муслимде» келген риуаятта сахаба Үбәй ибн Кәъбтің мынадай бір сөзі бар:

«Аллаға ант етейін, одан басқа Құдай жоқ, Қадір түні - Рамазан айында. Аллаға ант етейін, оның қай түні болатынын мен білемін. Ол түнді Алла  елшісі құлшылықпен өткізуімізді бұйырған. Ол түн – жиырма жетісіндегі көркем түні болмақ. Оның белгісі: Қадір түні болатын күні күн шуақсыз әппақ болып туады»[2].  

 (Биыл, яғни, 2016 жылы Қадір түні шілденің 1-нен 2-не қараған түніне сай келіп тұр)


[1] Ахмәд ибн Ханбәл - №4793.
[2] Сахих Муслим, Китабус салатиль Мусафирин. №1278 хадис.

Абдусамат Қасым

Қазір оқып жатыр