Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жұма күні қаза оразаны өтеуге бола ма?

Ұлжан
Жауап қалдырылды 25 Шіл, 16

Беделді хадисші Мұхаммед ибн Мәжә (мил. 824-886 ж.) өзінің хадистер жинағында мынадай риуаят келтіреді: Сахаба Абдулла ибн Бүсрден жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Сендер сенбі күні ораза ұстамаңдар, бірақ парыз етілген ораза болса, ол басқа...»[1]

Осы хадиске қарайтын болсақ, жұма немесе сенбі күндері Рамазан оразасының қазасы секілді парыз оразаларды тұту немесе белгілі бір күні ораза ұстаймын деп атаған «нәзір» секілді уәжіп оразаларды тұту - мәкрүһ емес. 


[1] Ибн Мәжә – Китабус саум - №1726 хадис.

Абдусамат Қасым

Қазір оқып жатыр