Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балалы болу үшін қандай дұға оқу керек?

Ертілек
Жауап қалдырылды 25 Шіл, 16

Төмендегі аяттарды дұға ретінде оқыған кезде бала және қайырлы мұрагер сұрауға жарайды деген көзқарас бар. Өйткені Закария алайһиссалам мен өзге пайғамбарлар осындай дұға оқыған. Сондықтан сондай қиындыққа тап болғанда, осы аяттармен дұға ету пайдалы. 

Құран Кәрімнің бұл аяттарын түпнұсқадан оқу анағұрлым дұрыс болады. Алайда арабша оқи алмаса, мағынасын оқып, дұға жасаса да болады. 

«Раббымыз, біздің тегімізден көзайым болатындай ұрпақ нәсіп ет және бізді тақуа жандарға жетекші ете гөр!» (Фурқан, 25/74).

«Раббымыз, бізге қайырлы ұрпақ бер. Егер қайырлы ұрпақ берсең, әрине, шүкір етушілер қатарында боламыз» (Aғраф,7/189).

«Раббымыз, бізге ізгі ұрпақ бер» (Саффат, 37/100).

«Расында мен ізімнен орныма өтетін туысымды ойлап алаңдаймын. Әйелім болса бедеу. Маған өз игілігіңнен сондай бір мұрагер нәсіп ете гөр, маған да Яқубтың әулетіне де мұрагер болсын. Оны өзің разы болатындай адам ете гөр, уа, Раббым» (Mәриям, 19/5-6).

НЕИЗВЕСТНО
Жауап қалдырылды 18 Шіл, 16
Еки ракагат намаз оку керек.
Қазір оқып жатыр