Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Рамазан айынан кейінгі шәууал айында рамазан айында әдейі бұзылған бір күндік оразаны екі ай ораза ұстамай алты күнде өтей аламын ба?

Айқын
Жауап қалдырылды 25 Шіл, 16

Әлдекімнің әдейі бұзған оразасы үшін: бір құл азат етуі тиіс, құл азат етуге мүмкіндігі болмаса, 60 күн үзбей ораза ұстайды (кәфәрат қазасы), оған шамасы жетпесе ғана 60 пақырды тойдырады[1]. Бұл кәфәратты шариғатта «ораза кәфәраты» дейді[2].

Кәфәрат оразасы  қалай ұсталады?

Кәфәратты ораза арқылы өтеген кісі үзбей екі ай ұстауы тиіс. Айт күндеріне сәйкес келіп қалмауына мән беру керек. Бұл оразаны қандай да бір жағдаймен арасын үзіп қойған болсаңыз, онда қайтадан басынан бастап ұсталынады. Мысалы, үзбей 45 күн ұстап келе жатып, бір жағдайлармен 45-ші күні күндіз аузын ашып қойған кісі немесе 46-шы күні бір күн ұстамай қалса, онда қайтадан басынан бастап ұстайды. Бұл кәфәрат оразасына қатысты. Ал қаза оразада «үзбей ұстау» талабы қарастырылмайды.

ЕСКЕРТУ: Кәфәрат оразасы да әдеттегідей ұсталады. Яғни, күндіз ішіп-жеуден тыйылып, кешке аузын ашады, сәресін ішеді. Үзбей ұстау керек дегендегі мақсат – кешке де нәр татпау керек дегендік емес.

Абдусамат Қасым

Қазір оқып жатыр