Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балаға қай жастан бастап күнделікті жұмсауына ақша бере бастаған жөн?

Аружан
Жауап қалдырылды 25 Шіл, 16

Шамамен 4-5 жастағы мектеп жасына дейінгі баланың ақша жинайтын қорапшасы болуы керек. Оған ата-анасы қалтасындағы ұсақ тиындарды салып тұрады. Бұл ақшаны бала қалаған ойыншығын не ата-анасы алып бергісі келген затты сатып алу үшін жинайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі баланың ақшаны өз еркімен жұмсайтын мүмкіндігі жоқ екенін ескеру қажет. Оған қоса балаға қалаған затының бағасының, оған қанша уақыт ақша жинау керек екендігінің парқына бару оңайға соқпайды. Ал төменгі сынып оқушысына жеке шығындары үшін қалтасында аздаған ақшаның болуы артық етпейді. Мектепке алғаш барған уақытта бала жаңа ортаға тап болып, жаңа ережелерге бағынуына тура келеді. Егер балабақшада ақшаның еш қажеті болмаса, мектеп асханасында оны керексіз дей алмаймыз. Тіпті, мектеп асханасында тамақ ақшаға сатылмай, талонмен берілсе де, апта басында баланың ата-анасынан аздаған ақша алып отырғаны дұрыс. Ол ақшаға шоколад сатып алады не ақшасын жинайды. Баланың ақшаны қайда және қалай жұмсайтынын назардан тыс қалдырмаңыз. Ол ақшаны алған күнінде-ақ түгелдей жұмсайды ма, әлде бір аптаға жеткізуге тырыса ма? Оны жинауға тырысы ма? Мұның барлығына дерлік мән берген жөн.  

Аружан
Жауап қалдырылды 25 Шіл, 16

Алдымен балаға не мақсатта ақша беретініңізді сана сарабынан өткізген жөн. Ол ақшаны ақылмен жұмсап үйрену үшін бе? Жақсы тәртібі, үй шаруасындағы тыңғылықтылығына марапат ретінде ме? Әлде бала өзін өзгелерден кем сезінбес үшін бе? Бәлкім бала күніңізде қалтаңызда күнделікті жұмсар ақша болмағаны есіңізде мығым сақталғаннан болар? Бұл сұрақтардың жауабының өзі-ақ дұрыс шешім қабылдауыңызға себін тигізеді. Сөзімнің алдында қандай әрекеттен бас тартудың жөн екенін айта кетейін. Үй шаруасындағы көмегі не үй тапсырмасын орындағаны үшін марапат ретінде ақша беруге мүлдем болмайды. Мұндай жағдайда ақша бәрінен маңызды болып, ата-ана баласын тек ақшаның көмегімен басқаратын болады. Бұл  уақытта балада ата-анасына деген жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін. Өз кезегінде бала үй шаруасын тиісінше сапалы атқаруға үйренбейді. Керісінше, ол тезірек ақшаны иемденудің қамын ойлап, барлығын үстірт жасайды. Балаға қай жастан бастап  ақша бере бастаған дұрыс? 

Қазір оқып жатыр