Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Стюардесса мамандығы жайлы не білесіздер?

Мұхит
Жауап қалдырылды 27 Шіл, 16

Стюардесса - қызметі жолаушыларды қауіпсіздікпен, жайлылықпен қамтамасыз етумен байланысты әуе кемесі экипажының құрамындағы маман. Көптеген адам оларды "әуе мейрамханасындағы" даяшы деп есептейді. Алайда олардан қызметі жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын ғана емес, апатты қону жағдайында алғашқы медициналық көмек көрсете білуін талап етеді. Стюардесса әуе және су кемесінде қызмет көрсетуші және кеңес беруші қызметкер ретінде қызмет атқарады.

Жолсерік мамандығының 3 санаты бар. Үшінші санат - бастауыш, ал біріншісі - ең жоғары санат. Қызметте жоғарылау үшін сапардағы сағат саны көп болуы тиіс.

Әлемдегі ең бірінші стюардесса - Эллен Черч. Ол 1930 жылы ең алғашқы сапарға шыққан. "Боинг" компаниясына жұмысқа қабылданған Эллен және 8 стюардесса атқарған қызмет бүгінгі күн стюардессалары қызметінен артық болмаса, кем емес. Одан бөлек стюардессалар жолаушыларды және олардың жүгін өлшеп, ұшаққа жағармай құюға, тұраққа орналастыруға көмектескен. Бұрын стюардессалардың сырт келбетіне қойылатын талаптар бойынша бойы 160 см, салмағы 50 кг болуы тиіс болған. 

Қазір оқып жатыр