Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Омырау неге ауырады?

Анар
Жауап қалдырылды 27 Шіл, 16

Омырау ауырының көп кездесетін себебі етеккір уақытындағы гормондық өзгерістермен байланысты. Ағзаның ай сайынғы гормондық өзгеруінде тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Бірақ олар емшектің созылмалы аурыуына алып келуі мүмкін. Бүгінгі күн емшектің созылмалы ауруы кең етек алып отыр. Онымен 25 пен 45 жас аралығындағы  әйелдердің 60-80 пайызы ауырады екен. Бұл дерттің басты сипаттары - омыраудың ауырыуы мен оның қатаюы.

Омырау ауруының келесі бір себебі - сүт бездерінің түрлі зақым алуы. Ауру қатты соққы, омырауды қатты қысу не сығу салдарынан пайда болуы мүмкін. Сапалы көкірекше таңдау арқылы мұндай салдарға жол бермеуге болады. Кһкірекше мәселесіне ерекше мән берген жөн. Себебі омырау - өтек нәзік дене мүшесі. Оған жайлы " киім" таңдау арқылы түрлі жағымсыздықтардан арыла аласыз.


Омыраудың ауыруы не қатты сезімталдығы мына себептерге байланысты болуы мүмкін:

- етеккір кезіндегі гормондық өзгерістер;

- етеккір кезінде ағзада сұйықтықтың ұстап қалынуы;

- сүт безінің зақымдалуы;

- жүктілік;

- емшекпен емізу;

- сүт безінің жұқпалы ауруы;

- омырау қатерлі ісігі.

 

Қазір оқып жатыр