Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аян Өтепберген деген кім? Өмірбаяны бар ма?

Сандуғаш
Жауап қалдырылды 03 Там, 16

Аян Өтепберген 1992 жылы сәуірдің 26 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген. №108 орта мектеп қабырғасында оқып, білімін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінде жалғастырған. Мұнда Есім Сегізбаевтың курсы бойынша білім алған. Колледжден соң аталмыш оқу орнының академисына түсіп, режиссер Болат Атабаевтың курсына қабылданғанОл көпшілікке "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Таймас рөлімен танылды. Мұнан кейін "Олимп шыңы" фильмінде рөл сомдаған. Бүгінгі күн актер фильмдерге түсіп қана қоймай, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп жүр. Актер театр сахнасында "Махаббат по рассчету!" пьесасында бой көрсеткен-ді.

Қазір оқып жатыр