Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Кәмшат Жолдыбаеваның өмірбаянын білесіздер ме?

Балсан
Жауап қалдырылды 03 Там, 16

Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында Форт-Шевченко қаласында дүние есігін ашқан. Мектеп қабырғасында 9-сынып бітіргеннен кейін колледжде білімін жалғасытрып, ағылшын тілі мамандығы бойынша оқыған. Мұнан кейін арман қуған жас дарын Алматы қаласына білім алу мақсатында келіп, іргелі оқу орны Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түскен. Аталған оқу орнында "Ұйымдастырушы" мамандығы бойынша білім алған. 3-курста оқып жүрген кезінде "Кешью" тобына мүше болған. Артынша Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясының "Эстрада" факультетіне ауысқан. Әнші өзін актрисалық қырынан да танытып жүр. Ол "Парыз", "Ғашық жүрек 2", "Тракторшының махаббаты" телехикаяларында рөл сомдаған. Сонымен қатар "Біржан сал" фильмінде бой көрсеткен.

Қазір оқып жатыр