БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақан серінің "Құлагер" өлеңінің сөзі бар ма?

Зәуре
Жауап қалдырылды 01 Там, 16

Ақан сері Қорамсаұлы

Құлагер 

Жел жоқса басы майда деймін,

Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай - Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Ат қоса Ерейменге барғанымда,

Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

Қазір оқып жатыр