Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бананның қандай пайдасы бар?

Ардақ
Жауап қалдырылды 01 Там, 16
Бананның пайдасы:
  • Іш өтуінен зардап шегетіндерге банан жеуге кеңес беріледі. Ол - қалыпқа келуге көмектесетін жақсы өнім.
  • Бананның құрамындағы калийдің көп мөлшері себепті бұл жеміс көп жаттығатын адамдарға балтыр бұлшықетінің тартылуынан арылуға көмектеседі.
  • Қуат көзі. Егер жаттығу алдында банан жесеңіз, жаттығумен шұғылдануыңызды тиімді ете аласыз. Себебі оның себебінен қант мөлшері баяу көтеріліп, қуатыңыз жаттығу соңына дейін жетеді.
  • Бананның құрамына кіретін пектиндер мен хелаттар организмнен улы және зиянды заттарды шығарып, ас қорытуды жақсартады.
Азамат
Жауап қалдырылды 01 Там, 16

Бананның пайдасы:

  • Банан - балаларда да аллергия тудырмайтын жалғыз жеміс.
  • Банан күйзеліспен күресуге көмектеседі. Оның құрамында триптофан көп. Ол - бақыт гормоны серотонинді бөлетін заттек. Сондықтан банан жеу арқылы көңіл-күйіңізді көтере аласыз.
  • Сүейктің қатаюы. Банан организмдегі кальцийді ұстайды. Ол зәрмен бірге шығып кетпей, организмде қалып, сүйектің қатаюына қолданылады.
  • Ішек микрофлорасының жақсаруы. Бананның құрамына кіретін ферменттердің көмегімен организмге негізгі тамақпен бірге түсетін заттектер жеңіл сіңіріледі.
  • Банан - іш қатуынан зардап шегетін адамдар үшін пайдалы. Бананды жиі жейтін болсаңыз, мұндай қиындықтан арыла аласыз.
  • Банан қыжылдан арылуға көмектеседі.
Қазір оқып жатыр