Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әзілхан Нұршайықов деген кім?

Талғат
Жауап қалдырылды 03 Там, 16

Алпысыншы жалдары Нұршайықов көркем проза жанрында жаза бастады. Оның алғашқы повесі «Махаббат жыры» деген атаумен 1964 жылы жарық көрді. Кеңес жастарының патриоттығы пен адамгершілік тәрбиесі жазушының мұнан кейінгі туындыларының өзекті тақырыбына айналды. Бұл қатарда «Әсем» (1966) повесі, «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970, 1972, 1973) романы, «Ақиқат пен аңыз» (1976, 1978) роман-диалогы бар.

Жазушы ІІІ дәрежелі Даңқ, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО-ның 7 төсбелгісімен марапатталған.

Талғат
Жауап қалдырылды 03 Там, 16

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Оның туындылары 14 жасынан бері жарияланған. Болашақ жазушының өлеңдері аудандық және облыстық газеттерде, "Пионер" журналы мен "Октябрь балалары" республикалық пионерлер газетінде басылған.Жазушы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Артиллерия сержанты Нұршайықовтың өлеңдері майдан газетінде жарияланған. Оның "Жамбылға хат" өлең жолдауы 1943 жылы "Социалистік Қазақстан" газетінде жарық көрген.
Соғыстан соң Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. "Социалистік Қазақстан" республикалық газетінің редакторының орынбасары, Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінің редакторы, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 

Жазушының «Алыстағы ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960) сынды бірнеше очерк кітаптары басылым бетін көрген.

Қазір оқып жатыр