Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Алманың қандай пайдасы бар?

Ринат
Жауап қалдырылды 02 Там, 16

Алманың пайдасы:

  • Алмада С, В1, В2, Р, Е дәрумендері, бета-каротин, калий, темір, марганец, кальций, пектиндер мен органикалық қышқылдар  бар. 
  • Алманың қабығымен жеген дұрыс. Онда пайдалы заттар көп. Алма қабығының құрамында жасұнықтардың үлен мөлшері бар. Ол ас қорытуды жақсартады.
  • Алманы тұрақты түрде жеу қандағы холестерин мөлшерін, жүректің ишемиялық ауры, инсульт, ІІ түрдегі диабет, демікпенің пайда болуы қаупін төмендетеді.
  • Алма қабығының құрамында қатерлі ісік жасушаларының дамуын бәсеңдетіп, жоя алатын химиялық қосылыстар тритерпеноидтер бар.
  • Жасыл алма тіс пен сүйектің беріктігіне көмектеседі. Ол көздің көруін жақсартады және қабынуға қарсы әсерге ие. Жасыл алмада қызылына қарағанда С дәрумені көбірек.
  • Алма қаншалықты кіші болса, оның құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер соншалықты көп.
  • Қызыл алма жады мен жүрек қызметін жақсартады. Оған қоса қатерлі ісіктің кей түрлерінің пайда болу қаупін төмендетеді.
Қазір оқып жатыр