Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұстаздар туралы қандай ән бар?

Қанат
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Ұстазым

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. 

Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Ұстазым менің, ұстазым…

Көзімді сен ашпасаң, не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.

Жансая
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Ұстазым

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең. 

Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.

Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың.

Қазір оқып жатыр