БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тойға арналған қандай өлеңдер бар?

Ақжарқын
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Тойға арналған тілектер

Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!

***

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

***

Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын,
Достық пенен жастық шақ жалын атап,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
Халқына қалаулы бол,
Еліне елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын.

Қазір оқып жатыр