Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қыз ұзатуға арналған қандай өлеңдер бар?

Күнсұлу
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,

Жүрегі қалай ғана сыздамасын.

Құдалар, алақанға салып бердік,

Жұлып алып жүректің бір парасын.

Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала,

Болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана.

Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол,

Осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана.

Дидар
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Бақыт бол барған жеріңе,

Жүзіңе кірбің жуымай.

Береке қонсын төріңе,

Демесін "жаман қылығы-ай".

Сәуле
Жауап қалдырылды 08 Там, 16

Тілеуің тілеп тұрды аппақ,

Қимайды іштей ата – ана.

Қыз едің өскен бұлғақтап.

Аттайсың бөгде босаға.

Әлпештеп басқан бауырға,

Кем көрмей ұлдан шалқытып.

Ата – ана қалып ауылда,

Асықтың тұр деп жар күтіп.

Анаңның жолын жалғадың,

Жат жұртқа кетіп барасың.

Сүюдің татып бал дәмін,

Жарыңмен тапқын жарасым.

Бақыт бол барған жеріңе,

Жүзіңе кірбің жуымай.

Береке қонсын төріңе,

Демесін «жаман қылығы-ай».

Қылығың түзде – ержеттің,

Ие бол ақыл – тізгінге.

Гүлі бол  барған әулеттің,

Тастай бат, судай сіңген де.

Тіршілік деген майдан бұл,

Өмірдің әлі сыны алда.

Жарыңмен бірге жайнағын

Ұқсағын асқақ шынарға!

Қазір оқып жатыр