Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Марк Цукерберг деген кім?

Ақмарал
Жауап қалдырылды 11 Там, 16

Марк Цукерберг 2009 жылдың қаңтарында ПАло-Альтода Юрий Мильнермен танысқан. 2009 жылдың 26 мамырында DST 200 млн АҚШ долларына Facebook-тің 1,96% акциясын сатып алу жөнінде келісім шартқа қол қойылды. 2010 жылы Time  журналы Цукербергті жыл адамы атады. 2010 жылдың 8 желтоқсанында Марк Цукерберг миллиардерлер Уоррен Баффетт пен Билл Гейтстің филантропиялық кампаниясына қосылғанын жариялады.

Ақмарал
Жауап қалдырылды 11 Там, 16

Марк Цукерберг 1984 жылы мамыр айының 14 жұлдызында Уайт-Плейнс қаласында (Нью-Йорк штаты)дүниеге келген. Әкесі Эдвард Цукерберг - тіс дәрігері. Ал анасы Карен Цукерберг - психиатр. Ол - отбасындағы екінші бала және 4 баланың ішіндегі жалғыз ұл. Оның әпкесі - Рэнди және қарындастары -Донна мен Ариэль. Марк мектепте оқыған кезінде компьютерлік бағдарламалаумен айналысып, "Тәуекел" ойынының желілік нұсқасын жасап шығарған. Марк Цукерберг жоғары білімін соңына дейін оқымаған. 2002 жылы ол Гарвард университетіне түсіп, 2004 жылға дейін психология факультетінде оқыған. Онымен қатар Марк ақпараттық технологиялар курсына қатысып жүрген. Ол өзінің қызығушылықтар саласын "C, C++, Java, Visual Basic, VBscript, JavaScript, PHP и ASP" түрінде көрсеткен.  Марк Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін жасай бастаған. Оған қаржылай көмек көрсеткен - студент Эдуардо Саверин. Цукерберг өзін бірнеше мәрте хакер ретінде көрсете білді. 2005 жлы оның Саверинді компания басқармасынан алып тастауға талпынысы сот талқылауының нысанына айналды. 

Қазір оқып жатыр