Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Билл Гейтс несімен әйгілі?

Мұқағали
Жауап қалдырылды 16 Там, 16

Уильям Генри Гейтс ІІІ - америкалық кәсіпкер және қоғам қайраткері, филантроп, Microsoft компаниясының бұрынғы ірі акционері. 2008 жылдың маусым айына дейін компания басқарушысы болған. Қызметінен кеткеннен кейін компанияның директорлар кеңесінің өкілі қызметінде қалған. Оған қоса Билл мен МелиндаГейтс қорының қосарлы төрағасы, Berkshire Hathaway директорлар кеңесінің мүшесі, Cascade investment бас директоры болып табылады.

1996-2007 жылдар, 2009-2015 жылдар аралығында Forbes журналының нұсқасы бойынша ғаламшардағы ең бай адам атанған. Forbes журанлындағы мәлімет бойынша оның 2015 жылдағы оның байлығы 79,2 млрд долларға бағаланған. Ол билл Гейтстің АҚШ-та қатарынан 20 рет ең бай адам, 16 рет әлемдегі ең бай адам атануға сеп болған. 2016 жылдың мамыр айында оның байлығы 76,4 млрд долларға бағаланған.

Билл Гейтс қайырымдылыққа бөлінген ақша мөлшері бойынша рекордшылардың бірі болып саналады. 1994-2010 жылдар аралығында ол Билл мен Мелинда Гейтс қорына 28 млрд доллардан аса қаражат бөлген. 2010 жылдың ақпанында Билл бүкіл миллиардерге байлығының жартысын кайырымдылыққа жұмсауды ұсынған. 

Қазір оқып жатыр