Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әсет Найманбайұлының өмірі жайлы не білесіздер?

Ғалия
Жауап қалдырылды 09 Там, 16

Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылында дүние есігін ашқан. Ол – ақын, әнші әрі сазгер.

Әсет Найманбайұлы араб қарпін, шығыс поэзиясын жетік білген. Ақын «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғыман — Нағым», «Мәлік — Дарай», «Жәмсап» және  «Кешубай», «Ақырғы сөз» қисса-дастандарын жазған. Оның шығармаларында туған жерге деген махаббат, отбасы, әйел теңдігі мәселелері қозғалып, ақын білімге, мәдениетке, өмірдің мағынасын ұғынуға үндейді. Ақынның шығармалары көшпенді тіршілік көрінісін, қазақа халқының тарихы мен этнографиясын суреттейді.

Әсет Найманбайұлының айтыскерлік шеберлігі әйгілі ақындар Бақтымбай, Кәрібай, Әріп, Қали, Сама, Рысжан және Мәліктермен айтыстарында танылады. 1910 жылы Әсеттің Қ.Халиди жазып алған әндері жарық көрген.

Әсет Найманбайұлының шығармаларын ең алғаш Сәкен Сейфуллин 1925 жылы жариялаған. Әншінің өмірі мен шығармашылығы жайлы алғашқы мақала 1936 жылы жарық көрді. Оны Б.Ысқақов жазған. Әсеттің шығармаларының алғашқы жинағы Б.Адамбаевтың құрастыруымен 1968 жылы баспа бетін көрген. Онда ақынның 34 өлеңі, 4 айтысы, 4 қисса-дастаны енген. 1988 жылы Б.Нұржановтың құрастыруымен жарық көрген «Әсет» жинағына ақынның 29 әні, 71 өлеңі, 10 айтысы мен 8 қисса-дастаны кірген. 

Қазір оқып жатыр