Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұсаукесерге арналған өлеңдер білесіздер ме?

Мадияр
Жауап қалдырылды 09 Там, 16

ӨМІР ГҮЛІ
Өлеңін жазған — Б. Серікбаев
Әнін жазған — Ж. Назаров

Тәй-тәй, балам, тәй-тәй, балам, жасқанба,  
Самғап әлі ұшырсың көк аспанға.
Ізің қалды жер бетінде шұбырып,
Сен дірілдеп тұнғыш қадам басқанда.
 
Алғаш рет аяғыңнан тік тұрып,
Өжеттікті кеттің маған ұқтырып.
Жер бетінде із қалдыру үшін де
Өзіңе-өзің сене білу — мықтылық.
 
Шек бола ма қуанышта бұл күнгі,  
Жүрегімде тәтті сезім бұлқынды.  
Ертіп алып бара жатыр бұлақтар  
Кірбіңі жоқ сенің мөлдір күлкіңді.
 
Өмір гүлі, өмірімнің жалғасы,
Түсті жерге табаныңның таңбасы.  
Тәй-тәй басты жер шарының несі,  
Мамасы, оны сүріндіріп алмашы!

 

Дәнехан
Жауап қалдырылды 09 Там, 16

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз, балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асылардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.

 

Қазір оқып жатыр