Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Кітап - біздің досымыз" тақырыбына шығарма бар ма?

Әмина
Жауап қалдырылды 09 Там, 16

Кітап - біздің досымыз. Онсыз адамның өсуін де мүмкін дей алмаймын. Көпшілік адам жас қосылған сайын өседі дейді. Алайда, менің ойымша, адамды жас ұлғайған сайын емес, ақыл ұлғайған сайын өседі. Ал ақылдың ұлғаймағы үшін біліммен сусындау қажет.

Мен бала күнімнен кітапқа құмартып өстім. Кітап оқи отырып ондағы әлемге саяхаттап, таным-түсінігіңді арттырасың. Тіпті, көркем әдебиетті оқи отырып, адам тануды үйренесің. Бәрінен бұрын, кітап адамшылыққа үйретеді. Ақылыңа ақыл қосар кітаптың руханиятыңды гүлдендіріп, көкірегіңе нұр шашатыны анық. 

Айналаңа қарап отырсаң. кітпа оқитын жандар мен кітап оқымайтындардың арасында жер мен көктей айырмашылық бардай көрінеді. Кітапқа құмар жан кез-келген тақырыпта еркін сөйлесіп, танымыңды арттырып, көкейіңе білім сәулесін түсіретіндей. Онымен емен-жарқын сөйлесе отырып қаншама мағұлмат алып, құнды пікірлермен бөлісіп, ой алмасасың. Жақсы кітап адамды тек жақсылыққа баулып, дүниеге көзқарасын кеңейтеді. Сондықтан оны адамның жанашыры, жақын досы деуге болады.

Қазір оқып жатыр