БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Даршын несімен пайдалы?

Алмат
Жауап қалдырылды 10 Там, 16

Даршын ас қорыту процесін жақсартуға көмектесіп, тәбет ашады. Оны ынталандыратын, антисептикалық және сергітетін құрал ретінде пайдаланады. Даршынды көбі күйзеліске қарсы ең тиімді құрал ретінде біледі, оның иісі сергітіп, көңіл-күйді көтереді.

  • Даршын зат алмасу процесін жақсартады. Даршын мен бал - арықтауға арналған таптырмас құрал. Швециялық ғалымдар оның аштық сезімін басатынын дәлелдеген.
  • Қандағы қант мөлшерін ретке келтіретіндіктен, даршын сусамыр ауруынан зардап шегетіндерге пайдалы. 
  • Даршын жүрек-қан тамырлар жүйесіне жақсы әсер етіп, қанайналымын жақсартады. 
  • Даршын иісі ми қызметін ынталандырып, көңіл-күйді көтереді. 
  • Даршынның бактерияға қарсы қасиеті ішек-қарын жолының саулығы үшін пайдалы.
  • Даршын тер айдайтын және қақырық түсіретін жақсы құрал. Оны суық тию мен тұмауға қарсы қолданады.
Қазір оқып жатыр