Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бүйрек ауруының белгілері қандай?

Айдана
Жауап қалдырылды 11 Там, 16

Бүйрек ауруының жалпы белгілері

Көптеген бүйрек ауруында төмендегідей сипат орын алады:
  • әлсіздік, тез шаршау;
  • бас ауруы;
  • тәбеттің жоғалуы;
  • таңертеңгі ісіну, әсіресе қабақ аумағында;
  • артериялық қысымының көтерілуі;
  • қалтырау, безгек;
  • терінің солғын тартуы.

Ал жергілікті белгілері төмендегідей:

  • белдің ауырған бүйрек тұсынының не екі жағынан ауруы;
  • бүйрек проекциясы үстіндегі терінің қызаруы;
  • бел аумағында ісінудің пайда болуы;
  • несептің өзгеруі: несепке қан араласуы, оның түсінің өзгеруі.
  • жиі зәр шығару;
  • зәр шығару кезінде жайсыздық, ауырсыну не ашып ауырғанын сезіну.

Қазір оқып жатыр