Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Биттен қалай арылуға болады?

Кәусар
Жауап қалдырылды 11 Там, 16

Биттен арылудың жолдары

  • 1 стақан суға 2 ас қасық сірке суын қосып, ерітіндіні басқа жағу қажет. Мұнан соң шашты жақсылап тараған жөн. Сірке су сіркелердің шашқа жабысуына мүмкіндік беретін желімді ерітеді. Мұндай әрекет нәтижесінде сіркелердің белсенділігі төмендейді.
  • Әйелдерге биттен арылуға шаш бояу көмектеседі. Биттер үшін қауіпті қару - сутек тотығы. Ол өзінің химиялық құрамының көмегімен биттерді жояды.
  • Бүгінгі күн  дәріханаларда биттерден арылуға көмектесетін құралдар көп. Олардың қатарында 15% бензилбензоаты бар жақпа май, күкірт жақпа майы, 20% бензилбензоат эмульсиясы және т.б. бар.
Мадина
Жауап қалдырылды 11 Там, 16

Биттен арылудың жолдары

  • Шаштағы биттерден арылу үшін шашты ұсақ әрі тістері жиі орналасқан тарақпен тарау керек.
  • Биттерден жылдам әрі біржола арылудың ең жақсы ірң тиімді әдісі - шашты тақырлау. Бірақ бұл әдіс ер адамдарға жарамды болғанымен, әйел адамдардың мұндай әдіске келісе қоймасы анық.
  • Биттен арылудың бұрыннан келе жатқа әдісі - шашқа жермай жағып, орамалмен орап қою. Оны шашта 2 сағат ұстау керек. Артынша шашты жуып, жақсылап тарау қажет.
  • Бас терісіне мүкжидек шырынын жағу - өте тиімді әрі пайдалы. Ол шаштан сіркені алады. Ол үшін мұндай әрекетті 5-7 күн бойы қайталау шарт.
Қазір оқып жатыр