Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Экономика деген не?

Сәбина
Жауап қалдырылды 15 Там, 16

Экономика - қоғамның өндіргіш күштерінің тиісті сатысына сай келетін өндірістік қатынастардың жиынтығы, қоғамның өндіріс құрал-жабдығына меншік қатынастары басты және айқындаушы элементі болып табылатын базисі; елдің немесе елдер тобының үстем өндіріс тәсілімен, еңбек өнімділігінің деңгейімен т.б. сипатталатын халық шаруашылығы; халық шаруашылығының, өнеркәсіптің салалары, өндірістің түрлері, олардың өнім өндіру көлемімен, оның сапасымен, ресурстардың пайдаланылу деңгейімен, жоспарлы тапсырмалардың орындалу дәрежелерімен сипатталатын жай-күйі; қоғамдық ғылымдар тобының құрамдас бөлігі, халық шаруашылығының белгілі бір саласын және өнеркәсіп салаларын зерделеумен айналысатын ғылыми пән.

Қазір оқып жатыр