Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қабдеш Жұмаділовтың "Тағдыр" романы туралы не білесіздер?

Ораз
Жауап қалдырылды 12 Там, 16

Ресей патшалығы мен Цин империясы Орта Азия мен Шығыс Түркістан жер иеліктерін белгілеп, шекараларын нақтылған-ды. Сол замандарда дархан далаға сызылған шекара жерді ғана емес, елді, ағайын-туысты екіге жарған еді. Өз елінен жырақта, өзге елдің еншісінде қалған қазақтың басындағы ауыртпашылық, қиын күндер, елге, жерге деген сағыныш, отанға деген ұлы махаббат романға арқау болған. Қазақ бола тұра қазақ елінде өмір сүре алмау, ағайын-туыстан алыста қалу, отаныңа аттап басудың өзі оңайға соқпайтын тірлік шетте қалған бауырластарымыздың басына түскен үлкен қайғы еді. Қаламгердің бұл тақырыпта ой тербеуіне өз басындағы жағдай, өз тағдыры ықпал еткен еді. Елінен жырақта өмір сүріп, отанына оралуды арман еткен жазушыға роман кейіпкерлерінің көкірегіндегі мұң, жүрегіндегі шер таңсық емес. 

Қазір оқып жатыр