Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ауа райы болжамына сенуге бола ма?

Ақтоты
Жауап қалдырылды 13 Там, 16

Ауа райы болжамы өмірлік тәжірибеден, күнделікті табиғат құбылыстарын бақылау арқылы туындаған дүние. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйенгендіктен оның шариғатқа қайшылығы жоқ. Себебі, Алла Тағала табиғат заңдылықтарын жаратып, көп дүниелерді сол заңдылықтарға бағынышты етіп қойған. Адам баласы сол заңдылықтарды анықтай отырып, одан туындайтын нәтижені болжай алады. Сондықтан, ауа райы болжамына сеніп, соған қарай ертеңге жоспар құрып жатса, оның еш сөкеттігі жоқ.

Жаңа туған ай шалқасынан жатса, «өзіне жайлы, елге жайсыз, аяз болады», «күн қызарып батса, ертеңгі күн ашық болады» деген болжамдар көшпелі халқымыздың табиғат құбылыстарын бақылай отырып түйген дүниелері. Ал, қазақтың бұл болжамдары астрономия ғылымына қаншалықты сәйкес екенін осы ғылымның мамандарынан сұраған абзал.

Абдусамат Қасым

Қазір оқып жатыр