Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

1 қыркүйекке арналған қандай өлеңдер білесіздер?

Раушан
Жауап қалдырылды 19 Там, 16

1 қыркүйек - Білім күніне арналған өлеңдер

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз, 
Өнерпаз боп өсетін 
Біз оқушы боламыз!

***
Өмірімнің көктемін 
Сенде өткіздім деп келдім, 
Алтын ұя-мектебім! 
Армандарым көп менің, 
Атқарамын деп келдім, 
Асыл – анам мектебім. 

***
Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға. 
Білім ал, еңбек ет жас ұлан,
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап, 
Естілді жылы жаныма.
Күлкідей әсем сылдырлап, 
Бөбекті жиды маңына.

***
Соғылсын қоңырау, соғылсын, 
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла. 
Толқыған жүректер тоғысын 
Толтырып бір арна, бір жырға. 
Шаттықтың үніндей мәңгілік 
Соғылсын қоңырау, соғылсын, 
Қуаныш әніндей жаңғырып 
Жүректер ақ нұрға соғылсын.


 

Баршын
Жауап қалдырылды 19 Там, 16

1 қыркүйек - Білім күніне арналған өлеңдер

Сәлем, саған мектебім, 
Алғыстарым көп менің. 
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің. 

***
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем. 
Мектепке келген алғашқы, 
Жан досым, саған мың сәлем. 

***
Биыл мен де мектепке 
Біріншіге барамын. 
Мақтанбаймын мен текке, 
Дайын дәптер, қаламым. 

***
Мектепке енді барамыз, 
Біз оқушы боламыз. 
Жақсы оқып сабақты, 
Кілең бестік аламыз. 

***
Өсті міне бойымыз, 
Өсті міне ойымыз. 
Қуанышқа ортақпыз, 
Құтты болсын тойымыз.


 

Қазір оқып жатыр