Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұмар (Томирис) деген кім?

Мырза
Жауап қалдырылды 23 Там, 16

Алайда соның барлығы жалғыз ұлынан айырылып, боздап қалған аналардың өксігінің орнын баса алмайды. Арысынан айырылған Тұмар ханым бостандық құрбандарын жерлейтін үлкен қорым қаздырды. Сонда жерленгендердің ішінде уыздай үлбіреген жас ханзада Спаргапис те бар еді. Жанарынан жасы үзіліп түскен Тұмар ханым Кирдің кесілген басын қолына жиіркене ұстап тұрып:

- Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше! - деді де, сабадағы қанға басын батыра матырып жіберді. 

Содан бері қан мен шаңға көміліп талай ғасырлар өтті. Әйтсе де, Тұмар ханымның сол сөзі күллі әлемге аян боп, ұрпақтан ұрпаққа өлмей жетті.

Мырза
Жауап қалдырылды 23 Там, 16

Тұмар - біздің дәуірімізге дейінгі 570-520 жылдары өмір сүрген Сақ падишасы. Біз Тұмар ханымның ата-баба шежіресін таратып бере алмаймыз. Алайда ол туралы жазылған тарихи әфсаналар мен көркем шығармаларға жүгінсек, Тұмар әйгілі скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тарайды. Партатуаның шөпшегі, Мәдидің шөбересі, аты сол кезде аңызға айналған, алайда еш жерде нақ дерек сақталмаған Сыпыра (Спаргапис, Спаргапип) патшаның не немересі, не кенже қызы. 

530 жылдары Кир сақ жеріне аяқ тіреп, Тұмар ханым бастаған сақ қолы мен парсылар арасында жойқын соғыс орын алған. 

Мұқым төрткүл дүниеге аңыз ретінде тараған "Азия әміршісі" Кир мен ұлы сақ ордасының ханымы Тұмардың арасындағы бұл жойқын шайқас тарих бетінде мәңгі қалды. Көшпелі жұрттың ержүрек ұландарының төгілген қанының өтеуі - елінің бас бостандығы ғана болатын. Құрбандардың өмірінің орны толмаса да, халықтың жүрегіне азаттық рухын егіп кетті. Ата-баба қабірін ата жауына қорлатпады. Одан артық парыз бар ма! Сақстан ұлы ордаға айналды. Елдің басы бірікті. Жауы сескенетін болды. Бұл да өтеуі қайтқан ұлы парыздардың бірі. 

Қазір оқып жатыр