Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ата-ананың бала алдында жалаңаш жүруіне бола ма?

Секербек
Жауап қалдырылды 22 Там, 16

Баланың алдында жалаңаштану арқылы сіз оның темпераменті мен ұстанымын есепке амастан өз ұстанымыңызды таңуға тырысасыз. Көрген көрінісен не түйерін білмейсіз. Балада өзгені толық жалаңаш күйінде қабылдай алмайтын түрлі психикалық және физикалық сипат болуы мүмкін. Бәлкім ол иісті қаттырақ сезетін болар, бәлкім жыныс мүшелерінен қорқатын шығар. Мұндай жағдайда отбасының кіші мүшесінің енді ғана қалыптасып келе жатқан шекарасының бұзылу қаупі бар. 

Егер бала аңдаусызда ата-анасын жалаңаш не жыныстық жақындық үстінде көріп қалса, мұнда тұрған жаман ештеңе жоқ. Ең жаманы - бұл сұрақтың жауапсыз қалып, ата-ананың баладан ұялуы. Десе де баланың көзінше арнайы жалаңаш жүріп не жыныстық жақындыққа барудың қажеті жоқ. Баланың көзқарасын дұрыс қалыптастырып, тәнге байланысты сұрағына дұрыс жауап бере білу қажет.

Секербек
Жауап қалдырылды 22 Там, 16

Бұл ретте бірден жалаңаштықтың қандай деңгейі сөз болмақ деген сұрақ туындайды. Егер баланың алдында киіну, су киімімен не ішкіммен (эротикалық емес) айтылса, мұнда айтарлықтай еште жоқ. Ал толық жалаңаштық, нудистік - бұл басқа әңгіме.

Бала жалаңаштыққа әр жаста әр түрлі қарайды. Сәбиге ол біртүрлі көрініп, көкейінде сұрақ туындатпайды, ал ересектеу балаға ол бей-жай қарайтын жағдай болмауы мүмкін. 8 жасар бала анасымен бірге моншаға барғаннна кейін жадында не сақталып қаларын ойлап көріңізші. Оның ата-анасының жалаң тәнін көргісі келе ме, жоқ па, оған дайын не емес екендігін сұраған ешкім жоқ. Ең бастысы, бұл көріністің оның болашағына тигізер әсері қандай? Қанша тырысқанымызбен, бұл сұраққа еш уақытта нақты жауап бере алмаспыз. Жалаңаш ата-анасы тұрмақ, бала психикасына мектептің әсеі қандай боларын да білмейміз.

Қазір оқып жатыр