Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жеміс-жидекті қалай дұрыс жуу керек?

Алмас
Жауап қалдырылды 24 Там, 16

Біріншіден, мол өнім алу үшін жеміс-жидекті нитраттар деп аталатын азотты тыңайтқыштармен тыңайтады. Екіншіден, егер жемісті бізге жасыл күйінде (мысалы, банан) алып келсе, оларды сату орнына әкелгенде құрамында этилен бар газдармен өңдейді.

Ол жемістің тез пісуі үшін жасалады. Оған қоса жеміс-жидекті қандай да бір мемлекетке жеткізу үшін (мысалы, жүзім), олар салынған қорапқа жеміс-жидек бұзылып, зең тарамас үшін күкіртті газ жібереді.

Сондықтан жеміс-жидекті мұқият жуу керек. Балаларға берер алдында сабынмен жуған абзал. Ал егер алмадан балауыз (парафин) ізін көрсеңіз, қабығынан тазалағаныңыз дұрыс. Мұнан соң қолыңызды сабынмен жуыңыз. Жидектерді ағынды суда бірнеше миніт жақсылап жуу қажет.

Қазір оқып жатыр