Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Баланы неше жасынан түбекке (горшок) отырғызып үйрету керек?

Кәмила
Жауап қалдырылды 25 Там, 16

Екі жасына таяу бала өзінің түбекке отырғыс келгенін және оны анасына білдіру керегін түсіне алады. Түбекке отыруды үйрету оңай іс емес. Алайда бала дәрет сыдырғысы келгенін түсіне бастаған кезде бірден түбекке отыруды үйреткен жөн. Бұл бала өмірінің екінші жарты жылдығында орын алады. Баланы түбекке белгіленген уақытта отыруға дағдыландырыңыз. Мысалы, ұйқыдан не тамақтан кейін.

Бір реттік жөргектер балаға үлкендердің талабын ұғынуға кедергі жасайды. Себебі памперс сынды жөргектер жайсыздық тудырмайды. Бір жастан асқан соң жөргекті серуендеген уақытта, ұйықтағанда ғана кигізген дұрыс.

Төрт жасқа дейін бала ұйықтап жатып еркінен тыс зәр жіберуі мүмкін. Бұл көбіне қорқыныш, үрейлену сынды жүйкелік жағдайларға немесе жұқпалы аурулармен байланысты. Егер анда-санда ғана жіберіп қоятын болса, онда тұрған қорұынышты ештеңе жоқ.

Қазір оқып жатыр