Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қалташадағы шай сапасы жапырақты шайдан нашар ма?

Ақнұр
Жауап қалдырылды 13 Қыр, 16

Жапырақты шай мен қалташадағы шайдың негізгі айырмашылықтары

Сапалы қалташадағы шай мен сапалы жапырақты шайдың айтарлықтай айыомашылығы жоқ. Айырмашылығы тек демдегеннен кейінгі нәтижесінде ғана. 
Жапырақты шай - анағұрлым жеңіл, ал қалташадағы шай - өте күшті. Себебі құрамында танин бар. Ол тез демделеді, бірақ белгілі уақыттан артық ұстасаңыз, дәмі ашты тартады. Шай демдеу ережесін сақтауға тырысып, шай қалташасын шыныда 10 минуттан артық ұстамаңыз. Өз басым екі минуттан артық ұстамағанды жөн санаймын.
Жапырақты шай белгілі бір күштілікке жеткенше қайнатылады. Мұнан кейін ол ашты да не тым күшті де болмайды. Ол жеңіл болғандықтан, қайнату қиынырақ, бірақ нәтижесінде хош иісі мұрыныңызды жарады. Сондықтан жапырақты шай асығыс, қарбалас уақытқа арналмаған. 
Ал шай бетінде пайда болатын май қабықшасына келер болсақ, ол - шай емес, су сапасының көрсеткішісі. Егер су қатты болса шай бетінде қабықша пайда болады.

Нұрғанат
Жауап қалдырылды 13 Қыр, 16

Жапырақты шай мен қалташадағы шайдың екеуі де бір шайдан жасалуы мүмкін. Біреуінің жапырақтары түрлі мөлшердегі бөлшектерге ұсақталып, арнайы құрылғы оларды бөліп алып, мұнан кейін олар түрлі өнімге қолданылады. Анағұрлым ұсақтау бөлшектері сумен әрекеттескенде дәмі мен иісін жылдам береді. Неге? Жапырақты ұсақтағанда одан сөл бөлінеді. Одан қаншалықты көп ұсақ жапырақтар шықса, қышқылдану ауданы да соншалық болады. Нәжтижесінде шай да күшті болып демделеді. Қалташадағы шай күшті болуы тиіс. Себебі ол бір ғана шыны шайға, яғни 200 мл суға мөлшерленген.

Нұрғанат
Жауап қалдырылды 13 Қыр, 16

Жапырақты шайға қарағанда қалташадағы шайдың сапасы анағұрлым төмен болуы мүмкін. Бір қалташа шайда, шамамен, 2 грамм шай бар. Шай қалташасына шынымен де сапасы жақсы шайдың 1 граммын салуы мүмкін. Ал қалған граммын "толықтырғыш" деп атаймыз. Ол да шай, бірақ сапасы төмен. Және сапа нашарлығы жапырақтардан бұрын өсірілген еліне байланысты. Мысалы, екінші граммы Аргентина, Грузия, Түркияда өсірілген шай болуы мүмкін. Ал ол өз кезегінде басқа улимат, басқа құрамы, басқа майлар. Оған қоса шай жапырақтарын жинаудың да атқарар рөлі бар. Қолмен жиналған шайдың еңбегі мен машақаты көп болғандықтан, тиісінше ол қымбаттау болады. Ал жоғарыда атап өткен аргентиналық алқаптарда шайды көбіне арнайы көлікпен жинайды. Алайда беделіне нұқсан келтіргісі келмейтін компаниялар мұндай шайды қолданбайды. 

Қазір оқып жатыр